Шәмші Қалдаяқов Кайрат Тунтеков - Бақыт құшағында / музыка для саундтреков

Рейтинг: 0

Исполнитель: Шәмші Қалдаяқов (Кайрат Тунтеков)

Название песни: Бақыт құшағында

Продолжительность mp3: 02:25

Дата добавления: 2017-01-29

Текст просмотрен: 501




Скачать


Другие песни исполнителя Шәмші Қалдаяқов (Кайрат Тунтеков)



Текст песни:

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үнілген
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген
Сүйемін мен күнді
Көңілді жалынды
Сен биле еркімді
Әлдиле жанымды

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Шәмші Қалдаяқов (Кайрат Тунтеков) - Бақыт құшағында

Видеоклип Vid_Men. Бақыт құшағында.


Комментарии (0)